Алдағы күндері ауа райы 20 градусқа дейін суытады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» синоптиктері 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын мәлім етті. 

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады. 12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.   

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар. 

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.  

 

Соңғы жаңалықтар