Алдағы күндері кей өңірде 35 градус ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. 

цветы, погода, лето, весна, көктем, жаз, ауа райы, гүлдер
Фото: Александр Павский / Kazinform

Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды.

Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1–6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз аспан ашық болып, ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Айта кетелік бүгін Алматыда және тағы бес қалада ауа сапасы төмендейді