Алдағы күндері күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері республика бойынша 25, 26 және 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндері күн райы қандай болады
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз  болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауылдық жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы уақытты тұман түседі.

Ауа температурасы:

  • Батыс өңірде түнде 12–17-ден 2–7 жылылыққа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүрсе, күндіз 20–28-ден 10–23 °С жылы болады.

  • Солтүстік-батыста түнде 7–15-тен 3–11 жылы, күндіз 23–29-дан 10–18°С жылы болады.

  • Солтүстікте түнде 10–16 °С және 5–13 °С аралығында жылы болады, күндіз 20–28-ден 12–25 °С жылы болады.

  • Орталықта түнде 5–13, күндіз 20–25 градус жылы болады.

  • Шығыста түнде 0–8-ден 7–15 °С жылы болады, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 15–25-тен 20–28 градусқа дейін жылы болады.

  • Оңтүстікте түнде 5–15, күндіз 25–30°С-қа дейін жетеді.

  • Оңтүстік-шығыста түнде 5–13-тен 7–15 °С жылы болса, күндіз 15–27-ден 22–30 °С ыстық болады. 

Соңғы жаңалықтар