17:37, 03 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Алдағы күндері күн райы құбылмалы болады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ойысы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында 4–5 желтоқсанда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Айта кетелік ШҚО-да желтоқсанда аяз түсіп, қалың қар жауады.
Сонымен қатар 3 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатыны туралы жазған едік.