Алдағы күндері күн жылынады

АСТАНА. KAZINFORM — Күнтізбеде көктем болғанына қарамастан, қыстың беті қайтар емес. 

зима, елка, мороз, погода, иней, ауа райы, шырша, аяз, қыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Әсіресе қыс ызғары солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді – қар мен бораннан кейін бұл аймақтар ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелген суық антициклонның ықпалында қалды.

Дегенмен 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағаны +5…+10°С көрсетеді. 

Айта кетелік Алматыда бір түнде 27 сантиметр қар жауған еді

 

Соңғы жаңалықтар