Алдағы күндер жауын-шашынды болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері республика бойынша 9,10 және 11 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндері жауын-шашынды болады
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.

Жекелеген өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады: солтүстікте, 9–10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10–11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр мен бұршақ жауып, дауылды жел тұрады. Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;

  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, аймақтың оңтүстігінде +23°С дейін;

  • Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;

  • Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;

  • Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;

  • Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.

Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Айта кетелік Қазгидромет 8 қыркүйекте ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді

 

Соңғы жаңалықтар