Алдағы күндері жел күшейіп, қарлы боран соғады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК алдағы тәулікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болатынын ескертті.
— Алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсірей бастайды, және республиканың аумағына Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Ол тұрақсыз ауа райын алып келеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қарлы боран мен қар жауып, боран күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман сақталады, — делінген хабарламада.
Синоптиктер температуралық фон да өзгеретінін болжайды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 5–15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0–5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0–5 градус аяз, күндіз 0–8 градус жылы ауа райы болжанады.
Айта кетейік, ауа райына байланысты Жамбыл және Түркістан облысында көлік қозғалысы шектелді.