Алдағы уақытта Қазақстан қандай жаңа спутниктерді ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан қандай жаңа жер серіктерін ұшыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Қазақстанның «GHALAM» ЖШС компаниясы 2023 жылдан бастап Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында «KazEOSat-MR» жерді қашықтан зондтаудың үш жер серігінен тұратын топтаманы құру бойынша жұмыстарды атқарып жатыр. Оларды ұшыру 2026 жылға жоспарланған», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство ақпаратына қарағанда, 2029 жылға қарай «KazSat-3» байланыс спутнигін жаңасына ауыстыру қарастырылған. Жаңа аппарат сұранысты қанағаттандыруда және елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи техникалық шешімдерді қолдануға арналған. Бұл бағытта шетелдік ғарыш техникасын өндірушілерден алдын ала техникалық-коммерциялық ұсыныстар алынды. Осы ретте жобаға қойылатын талаптарды қалыптастыру және оны қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталды
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 28 сәуірде «KazSat-3» үшінші ұлттық геостационарлық хабар тарату және байланыс спутнигі сәтті ұшырылды. «KazSat-3» спутнигінде Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз ете алатын Ku-диапазонды 28 транспондер орнатылған. Ғарыш аппаратының жұмыс істеу мерзімі - 15 жыл.
Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп ғарышқа спутник ұшыруды жоспарлап отыр.