Алдағы уақытта жаңбыр жауып, үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

дождь, ливень, лужа, погода, ауа райы, жанбыр, автомобиль, көлік, светофор
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында және солтүстік-батысында, ал 2 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.

30 сәуірде солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ бүкіл кезең бойы шығыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Бүкіл кезеңде батыс өңірлерде, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір және 2 мамырда солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнгі уақытта 3°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

  • оңтүстік-батыста +17…+22°C дейін;
  • солтүстік-батыста +13…+25°C дейін;
  • шығыста +25…+32°C дейін;
  • оңтүстік-шығыста +25…+32°C дейін.

Ал төмендеу күтіледі:

  • батыста +10…+15°C дейін;
  • солтүстікте +12…+18°C дейін;
  • орталықта +15…+25°C дейін;
  • оңтүстікте +18…+23°C дейін.

Айта кетелік Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуіне арналған фестиваль өтеді

Соңғы жаңалықтар