22:06, 04 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Алдағы үш күн жаңбыр жауып, үсік жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 5-7 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.
7 қыркүйек түнде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі.
Топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.