Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 28-30 мамырға ауа райы болжамын жариялады.
Кезекті циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағында ауа-райын қалыптастырады, ол өзімен бірге жаңбыр әкеледі.
28 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта ылғалды қарға айналуы мүмкін. Температура бойынша айтарлықтай жоғарылау күтілмейді.
28 мамырда батыста, солтүстікте және орталықта, 29-30 мамырда шығыста түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Еліміздің батысында ғана жоғары қысым өрісі жауын-шашынның тоқтауына және түнде де, күндіз де ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі.