Алдағы үш күнде елдің кей өңірінде 16 градусқа дейін аяз болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 12–14 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

погода
Фото: Kazinform/ЖИ

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанады.

— Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болжанады. Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • Батыста: түнде 2–9 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 8–17 градус жылы болады.

  • Солтүстікте: түнде 2–10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

  • Орталықта және шығыста: түнде 5–15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

  • Оңтүстікте: түнде 1–8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5–12 градус жылыға дейін жоғарылайды.

  • Оңтүстік-шығыста: түнде 3–8 градус, таулы аудандарда 11–16 градус аяз болады. Күндіз 2–10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1–6 градус аяз болады.

Осыған дейін алматылықтар жаңбырдан кейінгі жағдайға шағымданып жатқанын жазғанбыз.