Алдағы үш күнде қай өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады
АСТАНА. KAZIFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 10–12 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанады.
— Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ болады. Тек еліміздің батысында 11–12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, — делінген хабарламада.
Ауа температурасының негізгі фоны күндіз еліміздің батысында +3…+12°С, солтүстік-батысында 0…+8°С, солтүстігінде, шығысында және орталығында −3…+5°С, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +2…+10°С болады.
Осыдан бұрын Павлодарда қараша айы климаттық нормадан 2 градусқа жылы болатыны айтылды.