Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, соның әсерінен қар мен боран күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

зима, уборка снега, погода
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

30–31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жаңбыр аралас қар жауады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады деп болжануда. Республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі.

30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі ауа температурасы минус 2 градустан плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік өңірлерде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылы болады.

Бұдан бұрын көктайғақ кезінде Қазақстан жолдарында тұздың орнына не қолданылатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар