Алдағы 3-4 жылда «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасынан тыс қосымша 150 мектеп салынады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алдағы 3-4 жылдың ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасынан тыс Елбасы тапсырмасы бойынша қосымша тағы 150 мектеп салынады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бүгін Алматыдағы №176 жалпы білім беретін жаңа мектептің ашылу рәсімінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша былтыр елімізде 46 мектеп салынды. Қалғандары биыл пайдануға беріледі. Сондай-ақ Елбасы тапсырмасы бойынша бұған қосымша тағы 150 мектеп салынбақ. Елімізде бұған дейін қысқа уақыттың ішінде ешқашан 250 мектеп салынған жоқ болатын», дейді ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев. Оның айтуынша, бұл еліміз білім беру саласына ерекше көңіл бөліп отырғанының нақты айғағы. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Алматы қаласында салынған осы мектептің ашылу рәсіміне қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басты назарды енді білім берудің сапасын көтеруге аудару керектігін айтқан.
Соңғы жаңалықтар