Алдағы 5 жылда Астанаға 3 млн турист келеді - Бақыт Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 5 жылда елордаға 3 млн турист келеді. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов өткен жылды қорытындылауға арналған жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Газдандырудың бірінші кезеңі аясында 2020 жылға қарай жылу электр стансасының су ысыту қазандығын, сонымен қатар шағын жекеменшік қазандықтар мен тұрғын үй алаптарын газға көшіру жоспарланып отыр. Бұл зиянды қалдықтар шығарындыларын 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар ол елорданы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында жаңбыр суының көшелерде жиналып қалу проблемасын шешу көзделіп отырғанын айтты.

«2019 жылы жер бетіндегі жаңбыр суын кедергісіз бұруды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. 5 жылда су жинақталатын жалпы алаң 13 мыңнан 23 мың гектарға дейін ұлғайды. Бұл - 2030 жылға дейін игерілуі тиіс алаңның 66,2 пайызы», - деді ол.
null

Жалпы, әкім сөзіне қарағанда, 2019-2023 жылдарға арналған Астана қаласының жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға 1,5 трлн теңге көзделген.

«Бұл қаланың да, елдің де экономикалық өсіміне оң тиімділік береді. 5 жылда бюджетке 7 трлн теңге түседі. Сонымен қатар, 6 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл 300 мың жаңа жұмыс орнын құруға және 3 млн турист тартуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.
null

Соңғы жаңалықтар