Алдағы аптада ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында биылғы 14-18 қаңтар аралығында математика, физика және информатикадан ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Бұл жайында аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдағы аптада ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады

Олимпиаданың салтанатты ашылуына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов қатыспақ.

Білім сайысына қатысу үшін әлемнің 13 елінен 50 команда келеді деп күтілуде. Халықаралық қазылар алқасының құрамына 7 елдің ғалымдары еніп отыр. Атап айтқанда, оның ішінде Қазақстан, Грузия, Армения, Өзбекстан, Беларусь, Болгария және Ресей ғалымдары бар. Ал алқаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов төрағалық ететін бодады.