Алдағы аптадағы ауа райының болжамы - Қазгидромет

АСТАНА.  Шілденің  11-і.  ҚазАқпарат -  Келесі аптада,  шілденің 13-19-ы  аралығында     республика аймақтарында ауа  райы    жауын-шашынды  болады,    күн күркіреп,       жел тұрады,
None
None

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  «Қазгидромет»  орталығына  сілтеме  жасап.

Елдің батысында  шілденің 16-17-сінде   қысқамерзімдік    жауын  болуы,   жел тұруы ықтимал,  қалған  күндері  аспан  ашық  болады.    Түнгі температура  10-15,  кей жерлерде 18 градус жылы болады, күндізгі ауа райы  30-35,  аптаның бас  кезінде кей жерлерде 38   градусты шамалайды,    жаңбырлы күндері температура 25-30 градусты  көрсетеді.

Солтүстік аймақтарда  аптаның   бірінші жартысы  жауын-шашынды  болады, кей  жерлерде нөсер болады,     ауа температурасы - түнде  7-12, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 градус жылы болады.  Аптаның екінші  жартысында  күн күркіреп,  қысқамерзімдік    жауын  болуы  және   жел тұруы ықтимал. Температура: түнде 10-15,  күндіз 23-28,  кей  жерлерде 31 градус   жылы болады.

Орталық  өңірлерде    аптаның  бірінші  жартысында  жауын болады  деп күтілуде,   ауа температурасы түнде 7-12, кей  жерлерде 15  градусты  шамаласа,  күндіз  15-20,   кей  жерлерде 25 градус  ыстықты көрсетеді.  Аптаның  екінші  жартысында   қысқамерзімдік   жауын болады,  жел тұрады,  ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:    түнде 10-15, кей  жерлерде 18 градусқа дейін, күндіз 25-30, кей  жерлерде  35 градусқа дейін  күн  ысиды.

Шығыста  жауын-шашын болады, күн күркірейді,   апта  бойы  жел тұруы  мүмкін, тек аптаның соңында ғана  күн  ашылады.    Температура: түнде  7-12,  кей  жерлерде 15  градусты  шамаласа,    күндіз  18-23, кей  жерлерде 28 градусты  көрсетеді.  Аптаның соңында күн ысып,  ауа температурасы түнде 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін,   күндіз  25-30, кей  жерлерде 35 градусқа  дейін   жетеді.

Оңтүстік  өңірде аптаның басында   аспан  ашық болады,   тек  аптаның  ортасына  қарай  қысқамерзімдік жауын-шашын болып,  жел тұруы,   қатты дауыл  болуы ықтимал.   Ауа температуасы: түнде  10-15 градустан  15-20  градусқа дейін, кей  жерлерде 18 градустан 23 градусқа  дейін  көтерілсе, күндізгі ауа райы  28-33 градусты көрсетеді,  аптаның соңына қарай     күн  31 градусқа дейін  ысиды.

Соңғы жаңалықтар