Алдағы аптаға арналған ауа райының болжамы

АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – Еліміздің солтүстігінде алдағы апта аяды болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.Батыста аптаның бірінші жартысында кей жерлерде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Ауаның температурасы түнде 2-ден 7 градусқа дейін суық, кей жерлерде 5-10-аралығында, кей жерлерде 15 градусқа дейін аяз. Күндіз 3 градус суық - 3 градус жылы аралығында. Солтүстік өңірлерде апта бойы ауа райы суық. Тек, аптаның ортасына қарай кей жерлерде қар жауады, боран тұрады. Ауа температурасы күндіз 18-23, түнде 28 градусқа дейін аяз, кей жерлерде түнде 40 градусқа дейін суытады. Орталықта аптаның басым бөлігі аязды болады, ылғал түспейді. Аптаның ортасына қарай кей жерлерде қар жауып, борандатады. Күндіз 10-15 , 18-23, кей жерлерде түнде 28-33 градус аяз. Шығыста кей жерлерде қар жауады, аптаның ортасына қарай боран соғады. Ауа температурасындағы ауытқулар түнде 25-30-тан кей жерлерде 35-40-қа дейін, күндіз 13-18-тен 23-28-тан градусқа дейін суытады. Оңтүстікте аптаның алғашқы жартысында кей жерлерде аздап қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы негізінен түнде 5-10, күндіз 0-5 градус суық, облыстың солтүстігінде түнде 15-20 , күндіз 5-10 градус суық. Аптаның ортасына қарай ауа райы жылына бастайды: түнде 0-5, кей жерлерде 10 градусқа дейін аяз, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін суық. Оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар жауады, аптаның соңына қарай күшті жел тұруы ықтимал. Жекелеген аудандарда түнде тұман түседі. Ауа температурасында ауытқушылық болуы мүмкін: түнде 8-13 , кей жерлерде 18-23 градус аралығында суық болады, кей өңірде күндіз 2-7 градустан, 13 градусқа дейін суытады, 3 градус суық ? 2 градус жылы аралығында болады, кей жерлерде 8 градус суық.
Соңғы жаңалықтар