16:03, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Алдағы бес жылда және болашақта да адам, оның білімі мен денсаулығы «Нұр Отан» партиясының басты назарында болады
ӨСКЕМЕН. 21 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Алдағы бес жылда және болашақта да адам, оның білімі мен денсаулығы «Нұр Отан» партиясының басты назарында болады. Бұл туралы партияның республикалық бюро мүшесі Айгүл Соловьева мен ҚР сенаторы Сергей Плотниковтың қатысуымен Өскемен қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП аймақтық саяси кеңесінің отырысында айтылды.

Отырыста «Нұр Отан» ХДП «Қазақстан. 2017 жылға дейінгі мақсаттар. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасының жобасы таныстырылды.
«Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев сайлауалды жобаның негізімен таныстырып өтті.
«Біз Қазақстанның әрбір азаматына білім алып, жақсы өмір сүруге мүмкіндік беретін тұғырнаманы дайындап шығаруымыз керек», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.