14:42, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Алдағы күндері Қазақстанда күн ысиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаздың ыстық күндері басталды. Демалыс күндері ауаның максималды температурасы +30-35º, республиканың батысы мен оңтүстігінде +38-40 болды, бұл нормадан +3-6 градусқа, ал еліміздің батысы мен солтүстік-батысында +7-10º-қа жоғары, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның тек шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы көпжылғы орташа температурадан 2-5 градусқа төмен болды.
Алдағы үш тәулікте батыс және солтүстік облыстардың кей жерлерінде көшпелі жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы 13-20 м/с дейін күшеюіне қарамастап, аптап ыстық басылмайды. Еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында ауа температурасы көтеріледі. Бұл кезеңде Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа температурасы нормадан +3+10 градусқа асуы мүмкін.