Алдағы күндері Ыстамбұлда Қазақстанның Түркиядағы мәдениет күндері өтеді

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Қазанның 10-12-і аралығында Ыстамбұл қаласында Қазақстанның Түркиядағы мәдениет Күндері өтеді.
None
None

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Түркиядағы мәдениет күндеріне қазақ өнерінің дарынды тумалары, өнер төрінде орнын тапқан жерлестеріміз қатысады. Сондай-ақ көшпенді халықтың асыл бұйымдарымен, Алтын Адам және қазіргі қазақтың зергерлік ісінің жетістіктерімен таныстыру үшін көлемді көрме ұйымдастырылады.

 10  қазанда - «Ежелгі көшпенділер алтыны және Қазақстанның зергерлік өнері» көрмесінің ашылуы (Ыстамбұл қаласының археология мұражайы).

 12  қазанда  - Қазақстан өнер шеберлерінің салтанатты концерті өтеді.Салтанатты концертке Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Гүлдер» би ансамблі, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының камералық оркестрі, «Ұлытау» тобы қатысады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткерлер Талғат Мұсабаев, Азамат Жылтыркөзов, Мәдина Басбаева сынды қазақ өнерінің саңлақтары Ыстамбұл сахнасында өнер көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар