Алдағы Президенттік сайлауда Елбасы Н. Назарбаевты қолдау жөнінде республикалық қоғамдық штаб құрылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат. «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды.
None
None

Дәл сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Орталық сайлау комиссиясына қажетті барлық құжаттарды өткізіп, мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша емтихан тапсырды.

Ал 12 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында арнайы брифинг өтіп, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин алдағы Президенттік сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөнінде республикалық қоғамдық штаб құрылғанын жария етті: «Бүгіннен бастап сайлау кезінде Президентімізді қолдау үшін республикалық орталық штаб құрылды. Бұл штабтың жұмысын басқару маған жүктеліп отыр. Осы штаб құрамында елімізге танымал азаматтар, белгілі саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері және демократиялық күштер коалициясының мүшелері бар. Алдағы уақытта біздің кандидатымызды, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау, сайлау бағдарламасы бойынша насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, сенімді өкілдердің міндеттеріне де ерекше назар аударатын боламыз. Ал бүгінгі күні ең негізгі мақсатымыз - біздің кандидатымызды қолдаушылардың даусын жинау. Сондықтан осындай қоғамдық штабтарды республикамыздың барлық облыстарында, қалаларда, аудандарда ұйымдастыратын боламыз», - деді.

Штаб құрамында «Әділет» Демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Қазақстан азаматтық альянсы» төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева, «Атамекен» Одағы» ҰЭП төрағасы Азат Перуашев, «Зенченко и компания» серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко, «САУАП», республикалық қоғамдық қорының президенті, жазушы Бақытбек Смагұл және басқа да Қазақстанның танымал адамдары бар.

Штаб құрамында сондай-ақ, үгіт-насихат науқаны кезінде қолға алынған барлық шараларды ақпараттық жағынан қамтамасыз ететін арнайы баспасөз орталықтары жұмыс ісейтін болады, деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар