Алдағы сайлауда Елбасының жеңіп шығатынына сенімім мол - Ә.Сәтбаев, еңбек ардагері, БҚО
Оның айтуынша, Елбасының әр қадамына, әр шешіміне көз жіберіп, ой тоқтатып қарар болсақ, мұндай қимылды халықтың ұлы перзенті ғана жасай алатынын байқаймыз. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» дегенді Елбасы іс жүзінде дәлелдеп келеді. Президентіміз еліміздің, қоғамымыздың әрбір мүшесінің, мейлі ол адам референдумды жақтасын, мейлі сайлау жолын жақтасын, көзқарасын, ұстанымын жоғары бағалайтынын тағы да бір рет дүние жүзіне паш етті. «Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімі Нұрсұлтан Әбішұлын Президент мәртебесінде көргісі келетін сайлаушылардың санын әлдеқайда көбейткеніне менің жеке басым сенімдімін. Елі үшін, халқы үшін басын бәйгеге тіккен адамға дауыс беріп, Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да Президент мәртебесіне көтеру ел тыныштығын, халық абыройын ойлаған әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп білемін», деді ол.