Алдағы сайлауда қазақстандықтардың басым көпшілігі Елбасына дауыс беретіні анық - А.Амирханян, БҚО

ОРАЛ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алдағы сайлауда қазақстандықтардың басым көпшілігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіні анық.
None
None

Бұл туралы Орал қалалық мәслихатының депутаты, «Айдана» ЖШС директоры, Аветик Амирханян мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақ елін тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз бастап келеді. Талай қиыншылық артта қалды, айтуға тұрарлықтай табыстарға қол жеткізілді. «Нұрсұлтан Назарбаев референдум өткізу туралы шешім қабылдаса да болар еді, онда да халықтың Елбасыны қолдайтыны анық. Дегенмен Мемлекет басшысы өзін ойламай, Ата заңға адалдығын танытып, түпкілікті шешімге келді. Екі айдан кейін қазақстандықтар дауыс беру арқылы ел тағдырын шешетін болады. Бұл сайлауда да Елбасымыздың жеңіске жететіні күмәнсіз», - деді А.Амирханян.

Соңғы жаңалықтар