14:02, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Алдағы сайлауға жастардың да белсене қатысқаны маңызды - М.Исатаев, БҚО
ОРАЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алдағы сайлауға жастардың да белсене қатысатынына сенемін.
Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі Мейрам Исатаев мәлім етті.
Оның айтуынша, ел болашағы көбіне-көп осындай сайлауларға байланысты. Сондықтан оған жастардың да белсене араласып, өз құқықтарын пайдалана білгені абзал. «Біз алдағы уақытта да елімізде тыныштық пен келісім сақталсын десек, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл ретте жастар жетекшісі ретінде барлық қазақстандықтарды сайлауға тегістей қатысуға шақырамын», деді М.Исатаев.