Алдағы тәуліктерде Астананың жол полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласы Жол полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада «Қауіпсіз жол» республикалық шұғыл алдын алу іс-шарасы өтеді.
None
None

Бұл жайында Астананың ресми сайты хабарлап отыр. Іс-шараның мақсаты - қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

24-29 қазан аралығында жол полициясы жасағының қатары ұлғайтылады, Астана қаласы ІІД ЖПБ-ның барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

Іс-шара барысында мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру, басып озу, орағыту, бұрылыстар мен жаяу жүргіншілер өтпелерін өту ережелерін бұзу фактілерінің жолы кесіледі.

Соңғы жаңалықтар