Алдағы уақытта Үкімет 2009 жылғы бюджетке түзетулер енгізеді - Премьер-Министр

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Біршама уақыттан кейін Үкімет Парламентке 2009 жылдың нақтыланған бюджетін ұсынатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр-Отан» ХДП фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы, әлемдік дағдарыс жағдайына байланысты бізге ағымдағы жылғы бюджетке түзетулер енгізу қажеттігі туындайды. Біршама уақыттан кейін біз бүгінгі жағдайды, макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта саралап, Парламентке 2009 жылдың нақтыланған бюджетімен келеміз. Бұл бағытта бірқатар нақты өлшемдер көзделеді. Ең алдымен Елбасы мен «Нұр Отан» ХДП жүктеген әрі биылғы бюджетке енгізілген әлеуметтік төлемдер ешқандай қысқартуға түспейді. Ал қаржыландыру басталған нысандар жалғасын табады. Құрылысы әлі басталмаған жаңға нысандар тағы да екшеуден өткізіліп, біз бүгінгі жағдайға байланысты қандай мәселені келешекке, яғни бұдан да жақсы күндерімізге ысыра тұру мәселесін қарастыратын боламыз», деді К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар