Алдағы үш жылда Павлодар облысында жетім балалардың 5%-ға жуығы баспанамен қамтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2006-2014 жылдары барлығы жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға 301 баспана берілді.
None
None

Павлодар облысының билігі алдағы үш жылда жетім балалардың 5% жуығын баспанамен қамтамасыз ете алады, деп хабарлады pavlodar.i-news.kz.

«Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған санатында 2995 адам кезекте тұр. Алайда алдағы 3 жылда қолданысқа беріледі деп жоспарланған пәтер саны баспана алуға кезекте тұрғандардың 5% да құрамайды», - деді Павлодар облыстық мәслихат комиссиясында облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Саян Мұқанов.

Осылайша әкімдік мәліметтері бойынша, 2015 жылы Павлодарда мемлекеттік бағдарламамен салынған 216 пәтерлік үш үйді қолданысқа беру көзделген. Пәтердің шамамен 20% жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға беріледі.

«Аталған санат бойынша кезекте тұрған 42 адам пәтерге ие болады. Ал 2016-2017 жылдары қалада тұрғын үй құрылысы жоспарланбаған. Ақсу қаласында, Баянауыл, Лебяжье және Успен аудандарында жергілікті бюджеттен аталған салаға қаржы бөлінген жағдайда пәтерлер беріледі. Өзге аудандарда, қала және аудан әкімдіктерінің ақпаратынша, 2015-2017 жылдары мемлекеттік тұрғын үй қорының жоқтығынан пәтер беру жоспарланбаған», - деп атап өтті С.Мұқанов.

2006-2014 жылдары барлығы жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға 301 баспана берілді. Екібастұзда 145, Ақсуда 58, Павлодарда 47, Қашыр ауданында 15 үй қолданысқа берілді.

Соңғы жаңалықтар