Алдағы жазда үш мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі - Ақмола облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылы аймақ бойынша бюджеттік қаржы есебінен үш мың орындық алты мектеп, 400 орындық үш балабақша, 1 800 орындық 70 шағын орталықтар ашылып, балғындар игілігіне берілген. Соған сәйкес «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласында Тұңғыш Президенттік зияткерлік мектеп, Шортанды кентінде 1200 орындық білім ошағы есігін айқара ашты.
Осы уақытта балғындарды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 2008 жылғы 37 пайыздық деңгейден 41 пайызға жеткізілді.
Ағымдағы жыл ішінде білім беру саласындағы құрылыс жұмыстары одан әрі жалғастырылып, оған бір миллиард 49 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Соның нәтижесінде Аршалы, Атбасар, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласындағы жобаға енген нысандар пайдалануға берілетін болады.