23:02, 16 Қазан 2013 | GMT +5
Алдағы жылы Оралда Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталығы пайдалануға берілмек - БҚО әкімі
ОРАЛ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы жылы Оралда Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталығы пайдалануға берілмек. Бұл туралы бүгін БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, орталықта Қадыр ақынның жәдігерлері қойылатын арнайы бөлме ашылмақ. Сондай-ақ Жұбан Молдағалиев, Тайыр Жароков, Хамза Есенжанов сынды Ақ Жайық ақын-жазушыларының бөлмелерін ашу көзделуде. Бұл орталық шығармашылық адамдары, зиялы қауым өкілдері бас қосатын орынға айналмақ.
Сонымен қатар Оралда Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының жаңа ғимаратын салу жоспарлануда. Биыл ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Бұл нысанды 2015 жылы іске қосу көзделуде.