Алдағы жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік кешені жөніндегі жұмыстар жалғасын табатындығына сенімдімін - В.Путин

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Рождество мерекесімен, алда келе жатқан жаңа 2014 жылмен шетелдік мемлекет және үкімет басшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жетекшілерін құттықтады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтай келе, Ресей Президенті 2013 жылғы белсенді бірлескен жұмыс Ресей мен Қазақстан арасындағы жан-жақты бағыттардағы қарым-қатынастарды дамытуға, сондай-ақ Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық үдерістерді, Еуразиялық экономикалық одақты құруды жылдамдатуға ықпал еткендігін атап өтті.


Ресей мемлекетінің басшысы келе жатқан жылда да Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық кешенін нығайту, күн тәртібіндегі өңірлік және жаһандық өзекті мәселелерді шешу барысында өзара сындарлы іс-қимылды кеңейту жөніндегі жұмыстың өз жалғасын табатындығына күмәнданбайды.

Соңғы жаңалықтар