«Алдаспанда» біртұтас ұлт идеясы талқыланды

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ қоғамы енді қай бағытта дамуы керек? Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Түркістан» газетінің жанынан ашылған «Алдаспан» ашық пікірсайыс алаңының екінші отырысында жан-жақты сөз болды.
None
None

«Бұл жиын «Біртұтас ұлт идеясы» деген тақырыппен өтеді. Қазақ қоғамы қай бағытта дамуы керек? Қай мәселелерді алға қою керек? Қай құндылықтарда басымдық болуы керек деген мәселелер бүгінгі отырыстың өзегі болды», - дейді «Түркістан» газетінің бас редакторы Шәмшидин Паттеев. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының 1- орынбасары Кенжехан Матыжановтың айтуынша, біртұтас ұлт идеясы кез келген елдің мәңгілік мәселесі. Оған Елбасының Қазақсан халқына арнаған Жолдауында бүтін бір тарау арналған. Онда жердің, тілдің және қазақ халқының ішкі тұтастығы жайында айтылды.

Соңғы жаңалықтар