Алдымызда үлкен асулар бар - Н.Назарбаев

АЛМАТЫ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Бірлігіміз жарасса, тыныштықты сақтасақ және бәріміз бірігіп жұмыс істейтін болсақ бұдан да жарқын өмірге қол жеткіземіз.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Қазір бүкіл дүниеде дағдарыс. Жалақыны, зейнетақыны қысқартып, жұмыс орындары қысқарып жатыр. Біз соңғы 5 жылдағы дағдарыстың ішінде жаңа жұмыс орындарын құрдық, 700-ден астам мекеме салып, халыққа жұмыс тауып берудеміз. Осының барлығы елдің, қазақтың бірлігінің арқасы. Соның арқасында біздің қазақтың саны 4 млн.-ға өсті. Халықтың орташа ғұмыры 64-тен 70 жасқа дейін ұзарды. Мұның барлығы қуантарлық мәселе», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, алдымызда әлі де үлкен асулар бар. 2050 жылға дейінгі үлкен Бағдарлама қабылданды. Дамыған 30 елдің қатарынан көріну ниетіміз бар. Егер бірлігіміз бұдан әрі де жарасып, елде тыныштық болса, баршамыз жұмылып жұмыс істейтін болсақ - ол белестерді де аламыз.

Соңғы жаңалықтар