Алдын ала болжам бойынша, Қарағанды әуежайына апатты жағдайда қонған Боинг-737 ұшағының қозғалтқышына құс кіріп кетуі мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды әуежайына апатты жағдайда келіп қонған Анталияға ұшып бара жатқан «Боинг-737» жолаушылар ұшағы қозғалтқышының жұмыс істемей қалу себебі, оған құстың кіріп кетуі мүмкін. Алдын ала болжамды журналистермен кездесуі барысында Түркияға баратын чартер ұйымдастырушысы «Скат» әуекомпаниясының өкілі ұшқыш-инспектор Владимир Евдокимов мәлім етті.
None
None

«Құс ұшақтың қозғалытқышына «Сары-Арқа» әуежайының жауапты аумағында кіріп кеткен. Экипаж ұшу-қону белдігі аумағында қозғалтқышқа бір нәрсенің тигенін сезгендігін айтты», - дейді ол. Оның айтуынша, әуе лайнері 5 шақырым 300 метр биіктікке көтерілгенде апат жүйесі іске қосылған. «Экипаж командирі Қарағанды әуежайына қону туралы дұрыс шешім қабылдады», - деп атап өтті әуекомпанияның өкілі.

Орын алған төтенше жағдайды тексеру үшін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті арнайы комиссия құрды.

Үзілген рейстің жолаушылары «Сары-Арқа» әуежайының кеден аймағында келесі рейсті күтіп отыр. Жаңа ұшақ алдағы сағаттарда Астанадан ұшып келуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар