Александр Бублик әлемдік рейтингіде алғаш рет ТОП-10-ға кірді

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны анықталды.

Александр Бублик әлемдік рейтингіде алғаш рет ТОП-10-ға кірді
Фото: Sports.kz

Кеше Гонконг ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанған Александр Бублик 11-ден 10-орынға көтерілді. Сөйтіп ол ерлер арасында ATP рейтингісінде ТОП-10-ға кірген алғашқы қазақстандық теннисші болды.

Александр Шевченко 106-дан 104-ке көтерілсе, өткен аптада Бангалор жарысының финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 235-тен 195-ке дейін жоғарылады.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 74-тен 105-ке дейін құлдырады. Жұптық сында Анна Данилина 14-орында қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Гонконг турнирінде топ жарғанын жазған едік. Сондай-ақ Александр Бублик жаңа маусымның сәтті басталғанын айтты.

Ал Александр Шевченко Аделаида турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар