20:02, 22 Ақпан 2024 | GMT +5
Александр Бублик Доха турнирінің жартылай финалынан тыс қалды
ДОХА. KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Жарыстың 4-ракеткасы А.Бублик ширек финалда рейтингіде 46-орында тұрған Аустралия өкілі Алексей Попыринмен күш сынасты.
Бірінші партияда аустралиялық теннисшіге бір брейк жеткілікті болды - 6:4.
Екінші сәтте ол 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп берді. Бұдан кейін Бублик есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді - 4:6.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 5 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның денсаулығына байланысты Дубайда матчқа қатысудан бас тартқанын жазған болатынбыз.