Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайда матчқа қатысудан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM –  Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты. 

Елена Рыбакина
Фото: Sports.kz

Championat.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған. 

Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі тиіс болатын. Бірақ отандасымыз кортқа шықан жоқ. 

Осылайша, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның 2 айда 5 рет WTA турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар