Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті.
Бірінші партияда А.Бублик 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5.
Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті – 6:4.
Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бублик 15 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді. Х.Руне 3 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
А.Бублик финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен таласады. Ол жарыс барысында әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті де жеңіп кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы турнирдің ширек финалына шыққанын, Новак Джоковичтің Astana Open жарысында ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Португалиядағы жарыстың жартылай финалына өтті.