Александр Бублик Мадридте әлемнің жетінші ракеткасына есе жіберді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Мадрид ATP 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, 19 жастағы даниялық Хольгер Рунемен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда А.Бублик жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда даниялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1.

Екінші сетте А.Бублик есе қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда даниялық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (11:9).

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матч барысында А.Бублик 14 эйс жасап, 2 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.

Х.Руне үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович Фокинамен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемнің 5-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Сергей Квак әлем чемпионатына жолдама алу үшін барын салатынын айтты.

Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар