17:16, 13 Маусым 2023 | GMT +5
Александр Бублик Нидерландтағы жарыстың екінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 126-орында тұрған бельгиялық Давид Гоффенмен өткізді.
Александр Бублик 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта А. Бублик 8 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 9-шы, осы жарыстың 2-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Пуэрто-Рикодағы турнирді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қазақстанның жас теннисшілері Қырғызстандағы турнирде үздік шықты.