Александр Бублик рекордтық көлемде табыс тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик жылды сәтті қорытындылады.

Александр Бублик
Фото: ҚТФ

ATP ресми сайтында қазақстандық теннисшінің биылғы маусымда қанша табыс тапқаны жария етілді.

Бублик 2025 жылы 2 млн 905,991 АҚШ доллары (1,5 млрд теңге) көлемінде табыс тапқан. Бұл – А.Бублик үшін рекордтық көрсеткіш.

Қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы барлық табысы 10 млн 646,354 мың долларға (5,5 млрд) долларға жетті.

А.Бублик ATP турнирлерінде сегіз титул жеңіп алса, соның төртеуі биылғы жылдың үлесіне тиеді.

Сонымен қатар Александр Бублик әлемдік рейтингіде 11-орнын сақтап қалды. Бұл да ол үшін үздік нәтиже болып есептеледі.

Ерлер арасында 2025 жылы табыс табу жөнінен әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, италиялық Янник Синнер 19 млн 120,641 мың АҚШ долларымен көш бастап тұр.

Әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысында алты рет үздік шыққан испаниялық Карлос Алькарас (18 млн 803, 427 мың доллар) екінші, германиялық Александр Зверев (6 млн 060,174 мың доллар) үшінші сатыда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жылдың қорытынды турнирін ұтқан италиялық теннисшінің бірегей нәтижеге қол жеткізгенін жазған едік.

Сондай-ақ Новак Джокович рекорд орнатты.

 

Соңғы жаңалықтар