Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған испаниялық Альберто Рамоспен шеберлік байқасты.

А.Бублик бұл бәсекеде 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Александр Бублик жүлде қоры 2,1 млн еуродан асатын ірі жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе рейтингте 28-сатыдағы сербиялық Миомир Кецмановичтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді.



Фото: sports.kz








Соңғы жаңалықтар