Александр Бублик жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жаңа жылдағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған аустралиялық Джеймс Маккейбпен өткізді.
Бірінші партияда А.Бублик айқын басымдылық танытты – 6:2.
Екінші сетте де осы қарқынынан танған жоқ – 6:3.
Бір сағат 16 минутқа созылған матч барысында А.Бублик 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды. Д.Маккейб 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванс немесе рейтингіде 70-сатыдағы аустралиялық Ринки Хиджикатаның біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина Хобарт жарысының ширек финалына жолдама алды.
Александр Недовесов Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады.
Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты.