Александр Недовесов Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің екінші айналымына финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform. 

Александр Недовесов Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда бразилиялық Тьяго Уайлд – Перу өкілі Хуан Пабло Варильяспен сынға түсті.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде олар 4 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсылас жұп 2 эйс, 1 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар ширек финалға шығу үшін жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Хобарт жарысының ширек финалына жолдама алды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар