Юлия Путинцева Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды

Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Kazinform. 

Юлия Путинцева Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды
Фото: ktf.kz

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 45-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен сынға түсті.

Бірінші партияда италиялық спортшы бет қаратпады – 6:0.

Э.Кочаретто екінші сетте де 5:2 есебімен алда тұрып, матчқа доп берді. Дегенмен бұдан кейін Ю.Путинцева қатарынан бес геймді алды – 7:5.

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте италиялық теннисші тағы да матчқа доп бергенімен, Юлия қайыра брейк жасады. Ақыры ол тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 7 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева ширек финалына шығу үшін әлемнің 35-інші, доданың 5-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингіде 90-сатыдағы швейцариялық Виктория Голубичтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Буэнос-Айресте негізгі турнирге өтті.

Аустралия ашық чемпионаты қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталды.

Соңғы жаңалықтар