Александр Бублик жұптық сында Бейжің турнирінің финалынан тыс қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында Бейжің (Қытай) ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады.

Александр Бублик жұптық сында Бейжің турнирінің финалынан тыс қалды
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші қытайлық Цзюньчэн Шанмен бірге жартылай финалда нидерландылықтар Сандер Арендс — Давид Пелмен бетпе-бет келді.

Қос сет те 6:4 есебімен нидерландылық жұптың пайдасына шешілді.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Бублик — Шан 3 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Нидерландылықтар 5 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Осылайша, Александр Бублик Бейжіңдегі жарыс жолын аяқтады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жұптық сында Бейжің турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Елена Рыбакина Бейжің жарысында жеңіліске ұшырады.