Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Александр Лукашенко ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Беларусь басшысының баспасөз қызметі.

 Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

— Бүгінгі таңда сіздің білікті басшылығыңыздың арқасында дос мемлекет — Қазақстан тұрақты экономикалық өсім мен саяси жүйені кешенді жаңғырту бағытындағы жұмысты жемісті атқарып жатыр. Одан бөлек, жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерде Астананың үлесі артып келе жатқанын көріп отырмыз, - делінген құттықтау мәтінінде.

Сондай-ақ ол Минскіде екі ел арасындағы достыққа және өзара сенімге құрылған тату қарым-қатынас жоғары бағаланатынын, осы байланыстың одан әрі беки түсуіне аса мән берілетінін атап өтті.

— Қазақстан мен Беларусьтің көпформатты қарым-қатынасына тән өзара сенім мен теңдік қағидаты екіжақты әріптестік іргетасын бұдан да берік қыла түеді деп сенемін, - деп атап өткен Александр Лукашенко.

Осыған дейін Мемлекет басшысын туған күнімен Владимир Путин құттықтаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар