Александр Лукашенко Қазақстанға ҰҚШҰ саммитіне келді
АСТАНА. KAZINFORM - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Беларусь мемлекетінің басшысы 28 қараша күні Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.
Онда мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.
Саммит қорытындысы бойынша тараптар бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме бар.
Сонымен қатар, 28 қарашада Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Владимир Путинді қарсы алды.