Александр Лукашенко посткеңестік елдерді ТМД-дан шығуға асықпауға шақырды

МИНСК. ҚазАқпарат - Беларусь президенті Александр Лукашенко посткеңестік елдерді ТМД құрамынан шығуға асықпауға шақырды.
None
None

Бұл туралы ТМД үкіметтері кеңесінің отырысына келген Премьер-Министрлер мен олардың орынбасарларымен өткен кездесуде айтылды.

«Мен осыған қатысты жекелеген мәлімдемелерден кейін Украина президентінің міндетін атқарушымен және біздің украиндық елшімен сөйлестім. Не нәрсені де асықпай, байыппен шешкеніміз жөн. Ағаттықа, асығыстыққа жол бермейік, оралу одан да қиын болады. Сондықтан да өзара іс-қимылдың орнықты алаңына айналған осы ұйымнан шығуға асықпауды шақырамын», - деді ол.

Оның айтуынша, ТМД қазір ауыр кезеңді басынан өткеруде. «Жаңа қысым ошақтары, эскалация және посткеңестік кеңістіктегі зорлық-зомбылық жайлы жаңалықтарды жиі естіп жатамыз. ТМД-дан пайда жоқ деген «жанашырлардың» пікірі де жиі айтылады. Бірақ Беларусь елі ТМД-ны маңызды, аса қажет, өзекті бірлестік деп қабылдайды, ол қатысушыларына көкейтесті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді, - деп қосты ол. Еске сала кетейік, ТМД құрамынан 2010 жылдың басында Грузия шықты. Наурызда Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубий Украина ТМД құрамынан шығуға дайындық үстінде екендігін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар